«Қаражанбасмұнай» АҚ Бірінші Вице-президенті Қуанышбай Нұрғалиев кен орнында су тұщыту зауытының құрылыс жұмыстары барысымен танысты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Қабат суын тұщыландыру зауыты суды өңдеуге және кәдеге жаратуға және Қаражанбас кен орны қабаттарының бу айдау әдісімен мұнай беруін арттыру мақсатында техникалық сумен жабдықтауға арналған. Қазіргі таңда Қаражанбас күн сайын 17 мың текшеметр Астрахань-Маңғыстау су құбыры арқылы келетін Еділ суын тұтынады. Су тұщыту зауытын іске қосу Қоғамды сумен қамтамасыз ету мәселелерінде және Маңғыстау облысы халқының су тапшылығы үшін 20 мың текше метр суды босатуға мүмкіндік береді. Осылайша компания аймақтағы су тапшылығын шешуге өз септігін тигізбек. Құрылыс аяқталғаннан кейін елуге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Зауыт құрылысы 2019 жылдың қыркүйек айында басталып, алғашқы іргетасын қалауға «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен «ҚазМұнайГаз» ҰК Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев арнайы қатысқан болатын.
Айта кету керек, зауытты іске қосу компанияның бірқатар технологиялық мәселелерін шешуге ықпал етеді. ҚБМ 2021 жылдан бастап 2035 жылға дейінгі кезеңде кен орнында мұнай өндіруді 724 мың тоннаға арттыруды, электр энергиясын тұтынуды кемінде 168,0 млн кВт/сағ көлемінде азайтуды, ҰЖКЖ (КПРС) санын және контурлық бөлікте ұңғымаларды бұрғылауды тиісінше 196 және 20 ұңғымаға қысқартуды, контурлық ұңғымаларға су айдау көлемдерін төмендету есебінен грифонның түзілу көлемін 1,4 млн м3 дейін төмендетуді жоспарлап отыр, бұл да экологияға оң әсер етеді.
Бұл нысан көп сатылы сүзгілеу технологиясын қолданумен және кері осмос көмегімен деминерализациямен қуаты тәулігіне 17 000 м3 қабатты суды қайта өңдейтін зауыт болады.
Пандемияға байланысты зауыт құрылысы үшін қажетті жабдықтарды жеткізу және ҚХР мамандарының кешігуіне орай нысанды пайдалануға беру кестесі қайта қаралды. Соған байланысты «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК Басқарма төрағаларының тапсырмасына сәйкес, су тұщыту зауытын іске қосу мерзімі 2021 жылдың бірінші тоқсанына ауыстырылды.
Бүгінгі таңда Қоғам инвестормен бірлесе отырып, басшылықтың алға қойған міндеттерін орындау үшін күш-жігерін салады. Жұмыс сапары аясында бірінші Вице-президент Қ.Нұрғалиев зауыт құрылысшыларымен кеңес өткізді. Онда атқарылған жұмыстар туралы баяндалды. Қуанышбай Нұрғалиев құрылыстың сапалы жүруін және мерзімінен кешіктірмеуді тапсырды. Сонымен қатар, өндірістегі қауіпсіздік техникасын қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Тұрақты түрде жүргізіліп отырған нұсқауларға қарамастан, 28.09.2020ж «ЕвроСтрой-А» ЖШС (қосалқы мердігер) жұмысшысы аяғын жарақаттады. Зардап шеккен адамға уақытылы медициналық көмек көрсетілді. Мұндай жағдайларды алда болдырмау үшін компанияда қауіпсіздік техникасын сақтауды бақылау тетігі қолданылады.
Сондай-ақ, жұмыс сапары аясында көлемі 5000 м3 технологиялық қазандықтың құрылысы туралы айтылып, жаңа бу генераторының алаңы қаралды. Техникалық мәселелер бойынша пікірлер мен ұсыныстар айтылды.
Айта кетейік, Зауыт жобасы бірнеше іске қосу кешенінен тұрады. Нысан инвесторы – «СИТИК - Водная экология» БК (Ақтау) зауытты және оның негізгі цехтарын салумен айналысады. «ЕвроСтрой-А» ЖШС аталған мекеменің қосалқы мердігері.
«Павлодарпромстрой» ЖШС мұнай дайындау және айдау цехынан су тұщыту зауытына дейінгі ұзындығы 9,5 км болатын құбыр құрылысын жүргізуде.
«Павлодарпромстрой» ЖШС және «Oil Construction Compаny» ЖШС зауыттан бастап ҚБМ нысандары бойынша сыртқы коммуникацияларын салуда. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.