Мәдениет үйі «Ауыл – ел бесігі» арнайы жоба аясында салынып жатыр. Қазіргі таңда бірінші қабаттың құрылысы аяқталды. Бұл туралы «Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қанатбек Гафаров мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Рахат ауылындағы мәдениет үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қабатаралық жабындысы салынып, екінші қабаттың тас қалау жұмыстары басталды. Жалпы көлемі – 3473 м². Мәдениет үйінде кітапхана мен 40 адамға арналған оқырман залы болады. Бұл дегеніміз ауыл жастарының бос уақытты тиімді пайдалануына өз септігін тигізеді», - деді Қанатбек Гафаров.
Айта кетейік, 300 орындық мәдениет үйі 2021 жылдың көктемінде пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл 43 мыңнан аса тұрғыны бар елді мекендегі алғашқы мәдени көпшілік нысан болмақ.