Әлемге әйгілі ливиялық саяхатшы бүгін Ақтау қаласына жетті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ал оның Қазақстанға саяхаты осы жылдың ақпанында басталған. Нури Фунас 20 жыл ішінде 140-тан астам елде болғанын айтады. Саяхатшы Қазақстанға Жапония арқылы үш жылда жеткен. Ол біздің елімізде 3000-нан астам шақырымды жаяу бағындырдым дейді. Сол жолдарда қиындықтың да болғанын жасырмайды. Алайда Қазақстандағы адамдардың кеңпейілдігі оның саяхатын әсерлі еткен көрінеді. Айтуынша ол мұнда Каспий теңізін жүз рет естігенше, бір рет көруге келіпті. Нури Ливиядағы отанына оралмас бұрын Ресей мен Украинаға сапар шегуді жоспарлап отыр.
Мен Каспий теңізі туралы көп естідім, бұл сұлулықты өз көзіммен көргім келді. Саяхат барысында кей кездері бағдарым өзгеріп, жолдастарымның арқасында мен көптеген әдемі жерді көрдім. Әрине, қиындықтар болды, жолда мен жабайы аңдарды, тіпті қасқырларды кездестірдім. Мен өзіме адамдарға бейбітшілік пен келісімге сенуді көрсетемін деген ерекше мақсат қойдым, - дейді саяхатшы Нури Фунас.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ