ҚҰРМЕТТІ МАҢҒЫСТАУЛЫҚТАР!
Сіздерді бүгінгі айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Қабылданғанына 25 жыл толып отырған Конституция - мемлекетіміздің іргетасы және жарқын болашағымыздың кепілі. Ата заңымыздың қоғам үшін ғана емес, отбасы құндылықтары үшін де маңыздылығы жоғары. Заң - мемлекеттің тұғыры екенін әсте естен шығармай, Конституцияның әрбір баптарын білу баршамыздың басты міндетіміз.
Заң болмаса Тәуелсіз елдің өсіп-өркендеуі мүмкін емес. Сондықтан мемлекетіміздің құнды құжатына құрметпен қарап сыйлау, заң-ережелерін бұлжытпай орындау әр азаматтың парызы деп білемін.
Ата заңымыздың ғұмыры ұзақ, тұғыры берік болсын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай!
Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов