“Абай атындағы мәдени демалыс кешені” жанындағы «Радуга» балалар студиясының әншісі Дильназ Тілепова «Junior Eurovision 2020» ұлттық жобасының мүшесі болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазылар алқасы 400 үміткер арасынан талантты 30 қатысушыны таңдап алған. Оның ішінде маңғыстаулық Дильназ да бар. Жас әншілердің сайысы онлайн дауыс беру арқылы өтпек. Ең көп дауыс жинаған қатысушы "Балалар Евровидение" ән байқауында ел намысын қорғайды. Сілтемеге өтіп, жерлесімізге дауыс бере аласыз. Дильназ қазіргі уақытта 18 орында тұр.
Естеріңізге сала кетсек, талантты әнші "Бала дауысы-2018" республикалық ән байқауында «Көрермендер көзайымы» сыйлығын жеңіп алған болатын. 2019 жылы ол Мальтадағы "Golden Voice" халықаралық байқауында бас жүлдені жеңіп алды.