Облыс әкімі Серікбай Трұмовтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Басқосуда Маңғыстау облысының елді-мекендерін интернетпен қамту бойынша атқарылған жұмыстар мен қыс мезгіліне мал азығын дайындау барысы пысықталды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Облыс әкімінің орынбасары Нұрлыбай Аққұловтың мәліметінше ауылдық елді-мекендердегі талшықты оптикалық байланыс желісін тарту жұмыстарын қадағалау мақсатында «Маңғыстау облысының елді мекендеріндегі интернет жылдамдығын арттыру бойынша атқарылатын жұмыстардың іс-шаралар жоспары» бекітіліп, қала-аудан әкімдіктеріне орындауға және бақылауға алуға жолданды. Тиісті мекемелермен бірлесе отырып бірқатар жұмыстар атқарылды.
1. «Кар-тел» ЖШС-мен бірлескен жұмыстың арқасында осы уақытқа дейін мүлдем 3G интернеті жоқ Сенек және Жармыш ауылдары «Beeline» операторының 3G интернетіне қосылды;
2. «Кселл» АҚ компаниясы тарапынан ағымдағы жылғы шілде айында Таушық ауылына 3G ұялы технологиясы бойынша интернет тартылды;
3. «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Теле 2/Алтел) компаниясы: тарапынан 2020 жылдың 2-тоқсанында Рахат, Теңге ауылдарындағы интернетті күшейту және жақсарту бағытында біршама жұмыстар жүргізілді. Сонымен бірге, 100-ге жуық үйді қамтып тұрған мүлдем интернет жоқ Қызылсай ауылының бір бөлігіне интернет қосылды.
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы іске асырылған «Талшықты оптикалық байланыс желісі технологиясы бойынша АЕМ-ді кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету» жобасының аясында Транстелеком және Қазақтелеком компаниялары тарапынан 9 ауылға талшықты оптикалық байланыс желілері (ВОЛС) тартылды. Олар: Батыр, Тәжен, Құланды, Сенек, Онды, Жыңғылды, Тұщықұдық, Шайыр, Шебір ауылдары;
5. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің халық саны 250-ден асатын елді-мекендерді кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі «250+ Жобасына» Маңғыстау облысынан 9 ауылды қосылды. Олар: Төлеп, Тұрыш, Аққұдық, Болашақ, Сенек, Бекі, Боздақ, Үштаған, Жармыш ауылдары. Бұл ауылдарға ұялы байланыс операторлары 2020 жылдың соңына дейін 3G технологиясы бойынша барлық мобильді интернет түріне қосылуға мүмкіндік беретін құрылғы орнатады. Тұрыш және Аққұдық ауылдары, Болашақ, Сенек, Бекі, Боздақ, Ұштаған, Төлеп, Жармыш ауылдарына қазіргі уақытта 3G ұялы байланыс технологиясы бойынша интернет қосу жұмыстары басталды.
Ендігі кезекте интернет жоқ ауылдарға мәселені шеші үшін келесідей жұмыстар атқарылуда.
Бейнеу ауданы бойынша: Тұрыш, Төлеп ауылдарына, 3G технологиясы бойынша интернет қосу жұмыстарын жүргізуде, қыркүйек айына дейін аяқталатын болады. Сонымен қатар, қыркүйектің соңына дейін Ақжігіт ауылына 4G, ал Тәжен ауылына 3G технологиясы бойынша интернет қосу жоспаранып отыр.
Мұнайлы ауданы бойынша: Баянды ауылында тиісті жұмыстар жүргізуде, тамыздың соңына дейін аяқтау жспарлануда. Басқұдық ауылдық округінде «ART TELEKOM компаниясы интернет желілерін тартуда. Интернет желілерін тарту жұмыстары 70% аяқталды, енді 17 көшеге тарату жұмыстары жүргізілуде. Жалпы Мұнайлы ауданында интернет бойынша айтарлықтай мәселе жоқ. Барлық ұялы байланыс операторларының 3G және 4G интернетіне қолжетімділік бар. Тек Батыр ауылында ғана «Beeline» 4G интернеті жоқ. «Кар-тел» ЖШС тарапынан қыркүйектің соңына дейін Батыр ауылына 4G технологиясы бойынша интернет қосу жоспаранып отыр.
Түпқараған ауданы бойынша: Ақшұқыр ауылы мен Сайын Шапағатов ауылдық округі, Таушық ауылы бойынша ВОЛС тарту жұмыстарын жүргізуде, 10 қыркүйекке дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Сайын Шапағатов ауылдық округі бойынша 5-кварталға дейін магистрал тартылды. Форт-Шевченко қаласы бойынша интернет желісін тарту жұмыстарын жүгізуде, тамыз айының соңында аяқтауды жоспарлап отыр. Қызылөзен ауылы бойынша «Қазақтелеком» АҚ порттық және сызықтық сыйымдылықты арттыру бойынша, сонымен қатар Шарай және Бердібеков көшелеріндегі 18 үйге линия тарту жұмыстарын жүргізуде. Ұялы байланыс операторларынан, «Кар-тел» ЖШС тарапынан қыркүйектің соңына дейін Сайын Шапағатов және Ақшұқыр ауылдарына 4G технологиясы бойынша интернет қосу жоспаранып отыр. Маңғыстау ауданы бойынша: Шетпе селосы Қосбұлақ-1 және Қосбұлақ-2 елдімекендерінің үйлеріне WI-FI арқылы интернет жылдамдығын тарату үшін жұмыс ұйымдастырылуда. Жармыш ауылына WI-FI релье арқылы интернет жылдамдығын тарату үшін жұмыс жасалуда.
Онды ауылына қыркүйек-қазан айларына 3G және 4G технологиясы бойынша интернет қосу жоспарланып отыр. Жыңғылды, Ұштаған ауылдарына шамамен 21 қыркүйекке дейін 3G және 4G технологиясы бойынша интернет қосылатын болады. Ақшымырау Belline операторы интернет жылдамдығын күшейтіп тұрғын үйлерге тарту жұмыстарын ұйымдастыруда. Ауылдың шығыс бетіндегі жаңадан салынған 20 үйде (62 оқушысы бар) интернет желісін 4-6 М/Битке көтеру жоспарланып отыр. Жұмыс 29-тамызда аяқталады. Шайыр ауылына талшықты оптикалық байланыс желісі жүргізді. Бекі елді мекенінде WI-FI релье арқылы 5-15 М/Бит жылдамдығы бар интернет тарату жұмыстарын жүргізуде, қыркүйекке дейін аяқталады деп жоспаралануда. Сонымен қатар, «250+ Жобасы» аясында Бекі, Боздақ, Ұштаған, Төлеп, Жармыш ауылдарына «Kcell» компаниясы барлық мобильді интернет түріне қосылуға мүмкіндік беретін құрылғы орнатады.
Қарақия ауданы бойынша: Құрық ауылының жаңадан салынған 2, 4, 5, 9, 10, 13, 14 шағын аудандарында және «Жолшы массив» көшесінде, Жетібай ауылының жаңадан салынған Астана, Әубакіров-2, Жаңғабыл-2 шағын аудандарында, Мұнайшы ауылының жаңадан салынған «Байтерек», «Көктем» шағын аудандарында және станция Жетібайда оптикалық байланыс жүйесі кезең кезеңімен жүргізілуде.Сенек және Құланды ауылында талшықты-оптикалық байланыс желісі әлеуметтік нысандарға жүргізілді, іске қосылды.
Жаңаөзен қаласы бойынша: Рахат ауылы бойынша Жұлдыз, Мерей шағын аудандарында «Актив», «Кcell» мобильдік интернетінің екі мұнарасы орнатылуда. Жылдамдығы 6-8 Мб/с интернет желісін «Мерей» шағын ауданы 63 көшеге орнатып, 46-78 көшелеріне антенді интернет қондыруда. Сонымен қатар Жұлдыз шағын ауданының 21-30 көшелер аралығында №200 және 300-ші үй аралықтарында кабельді интернет желісі жүргізілуде, жұмыстар 1 қыркүйекке дейін аяқталады. Қызылсай ауылына қыркүйектің соңына дейін «Кар-тел» ЖШС тарапынан 4G технологиясы бойынша интернет қосу жоспарлануда.
Ақтау қаласы бойынша: 19 шағын аудандағы «Рахат» ЖК және 13, 110 үйлерге 20 шағын аудандағы 33, 34, 35 үйлерге 33 шағын аудандағы 19, 21, 30, 31, 32 үйлерге 31 шағын аудандағы 11, 13 үйлерге 34 шағын аудандағы 8, 11 үйлерге 35 шағын аудандағы Бейімдеу орталығына кабельді интернет тарту жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, үйлерге интернет жылдамдығын күшейту мақсатында базалық станцияларын қою бағытында жұмыстануда, әзірге Пәтер Иелерінің Кооперативтерінен (КСК) тиісті келісім алу жұмыстары жүргізілуде. - 33 шағын аудан 32 үй, - 16 шағын аудан 33/7 үй, -17 шағын аудан 27-26 үй, - 33 шағын аудан 3 үй, - 17 шағын аудан 87-84 үй, - 20 шағын аудан 32 үй, - 32А шағын аудан 8 үй Елді-мекендерді интернетпен қамту бағытындағы жұмыстар Іс-шара жоспарына сәйкес жалғасатын болады.
Бұл атқарылып жатқан жұмыстар жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқтау және жеделдету бойынша Әкімдіктің бақылауында.