«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жеке куәліктер мен төлқұжаттардың мерзімін жиі тексеріп, уақыты таяса, оны ауыстыру үшін ХҚО-ға кезекті алдын ала брондап қою керектігін ескертеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жеке басты куәландыратын құжатты мерзімі өтуіне, аты-жөнін өзгертуіне, құжаттың зақымдалуы мен жоғалуына байланысты қайта алу үшін Қазақстанның кез келген халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуге болады. Бұл орайда азаматтың қай жерде тұратыны және қай мекенжайда тіркелгені маңызды емес. Ал жеке куәлікті алғашқы рет алатын азаматтар, яғни 16 жасқа жаңа толып жатқан тұлғалар тіркелген тұрғылықты жері бойынша ХҚО-ға баруы тиіс.
Жеке басты куәландыратын жеке куәлік пен төлқұжаттың мерзімі өтіп кетсе әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін.
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару үшін кезекті алдын ала брондау тәртібі енгізілді. Сондықтан құжат мерзімін тексеріп, уақыты таяса, оны ауыстыру үшін алдын ала қамданып, кезекті брондап қойған жөн. Мемлекеттік қызметтердің көбі электрондық портал арқылы ұсынылса да, тек қағаз жүзінде берілетін қызметтерге де сұраныс жоғары, сондықтан ХҚО-ға кезекті брондау қарқыны да жоғары.
Еске салайық, ХҚО-ға кезекті брондау қызметі тегін және ресми түрде egov.kz порталы, телеграм-бот EgovKzBot2.0 қосымшасы және 1414 байланыс орталығы арқылы жүзеге асады.