Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Карантин режиміне байланысты өздеріңіздің арыз-шағымдарыңызды немесе ұсыныс, пікірлеріңізді Ақтау қаласы әкімдігінің құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің (кеңсе) infoaktau@mangystau.gov.kz электронды почтасына жолдай аласыз немесе әкімдіктің 1 қабатында орналасқан арнайы хат жәшігіне қалдыруыңызға болатынын қаперіңізге береміз, делінген хабарламада.
Сонымен қатар, жіберілген хат пен орындалысы туралы қосымша сұрақтарыңызды 33-65-26 байланыс нөмірлерінен біле аласыздар.