Бүгінгі күні короновирустық инфекция және пневмониямен ауырғандардың саны өсуіне байланысты өңірде дәрі-дәрмекке сұраныс өсті. Бұл туралы облыстық жедел-штабтың отырысында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Қашақов мәлімдеді.
Өңірге дәрі-дәрмектің 80 пайызын жеткізуді «Инкар», «Эмити», «Медсервисплюс» және «АДА Фарм» компаниялары жүзеге асырады. Бөлшек саудамен 400-ге жуық дәріхана айналысады. Дәрі-дәрмектерді шектеулі көлемде жеткізу орташа есеппен аптасына 3 рет жүзеге асырылады.
Шілде айының 1 мен 20-ы аралығында аймаққа мынадай дәрі-дәрмек жеткізілді: антикоагулянттар – 143 мыңнан астам, антибиотиктер – 593 мыңнан астам, қызу түсіретін дәрі – 785 мыңнан астам және вирусқа қарсы дәрі – 238 мыңнан астам.
Одан бөлек, өңірге Ресейдің Астрахань облысынан дәрі-дәрмектерді сатып алу және дер кезінде автокөлікпен жеткізу бойынша шаралар қабылдануда, ол үшін Ақтау қаласы әкімдігінің қызметкері іс-сапарға жіберілді.