Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтыңтың қатысуымен өткен облыстық жедел-штабтың отырысында облыс әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев айтты.
Оның айтуынша, өңірде 2020 жылдың 27 наурызы мен 22 шілде аралығында «COVID -19» жұқтырғандар саны 2 444 жетті. Оның ішінде 754 шағымы бар, 1 690 шағымсыз науқас анықталып отыр. Короновирус инфекциясынан қайтыс болғандар - 39 науқас, емделіп шыққандар – 1588 (65%).
Облыс бойынша инфекциялық стационарларда - 152, провизорларда – 757 науқас ем қабылдауда, ал үй жағдайында оқшауланғандар саны - 1235.
22 шілде күні вирус жұқтырғандар саны 47-ге жетті. Аурудың тәуліктегі өсу қарқыны 1,9% құрады. Облыста 22 шілдеге ПТР тәсілімен барлығы 5 мемлекеттік және жекеменшік зертханаларда 73 362 адам тексеріліп, оның 2 444 оң нәтиже берді.
Облыста барлығы коронавирустың симптомдары бар түрін жұқтырған 754 науқас тіркелді. Оның ішінде Ақтау қаласы – 261, Жаңаөзен - 112, Түпқараған - 21, Қаракия – 68, Маңғыстау – 22, Мұнайлы – 95, Бейнеу – 175.
Коронавирус инфекциясының айлар бойынша тіркелуі;
Наурыз айында -1 жағдай, (0,1%);
Сәуір айында – 47 жағдай (7,4%);
Мамыр айында-176 жағдай (27,0%);
Маусым айында – 267 жағдай (41,0%);
Шілде айында – 231 жағдай (24,5%).
Өңірлік кәсіпорындардағы жағдай:
"Қаражанбасмұнай" – 211 жағдай;
"Маңғыстаумұнайгаз" – 52 жағдай;
"Бузачи Оперейтинг" – 95 жағдай.