Бүгін «Жақыныңа жанашыр бол» акциясы аясында Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары мен «Волонтерлар корпусының» волонтерлары теңіз жағалауында қала тұрғындарына тегін медициналық маскалар үлестірді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыстық әкімдіктің қолдауымен бүгін осымен екінші күн халыққа масканы тегін таратылды.
Бүгін мыңнан астам масканы тегін тараттық. Жалпы Ақтау қаласының тұрғындарын және қала қонақтарын өздерін күтіп, сақтық шараларын міндетті түрде сақтауға шақырамыз. Қауіпті дертті бірге еңсереміз, - дейді Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының бас маманы Әсет Арзен.