Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен онлайн-брифингте облыстық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшысының орынбасары Жанетта Керімбаева мәлім етті.
«МӘМС енгізілгеннен кейін бізде медициналық және МӘМС шеңберіндегі консультативтік-диагностикалық қызметтерге жұмсалатын шығын көлемі артты. Қаржы бөлінген қызметтер тізіміне компьютерлік диагностика, MРТ және басқа медициналық қызметтер кіреді. Егер 2019 жылы шамамен 564 миллион теңге бөлініп, әлеуметтік осал топтарға консультативтік-диагностикалық қызмет көрсетілсе, биылдың өзінде қор аясында сақтандырылған азаматтардың КТ және МРТ шығындарына 1 миллиард 518 миллион теңге бөлдік. Яғни азамат сақтандырылған болса, дәрігерден жолдама алған кезде КТ немесе МРТ қызметтерін ақысыз алуға құқылы», - деді Ж. Керімбаева.
Бүгінде облыста бойынша 6 КТ жеткізуші мердігер бар. Былтыр олардың саны 4 болатын. Бюджеттік диагностикалық қызметтер клиникалар арасында бөлінеді. Яғни қор КТ және МРТ жеткізушілерімен келісімшарт жасайтын клиникалармен келісім жасайды және болашақта олар осы медициналық ұйымдарға қызмет көрсеткені үшін ақы төлейді. Әрі қарай, клиника бізге ұсынады және біз клиникаға осы қызметтердің ақысын төлейміз. 2020 жылдың 5 айында шамамен 2654 КТ және МРТ қызметтері көрсетілді. Салыстырмалы түрде, өткен жылдың дәл осы кезеңінде 2100 қызмет көрсетілді. Демек, пандемияға байланысты өсім бар.
«Егер сіз Маңғыстау облысының тұрғыны болсаңыз және сақтандырылған болсаңыз, жұмыс беруші сізге төлесе немесе сіз өзіңіз төлеген болсаңыз, жергілікті дәрігерден немесе жалпы тәжірибелік дәрігерден тиісті жолдама болса, сіз кез келген кеңес беру және диагностикалық қызметтерді ала аласыз. Сақтандыру туралы барлық ақпарат порталда. 1406 нөмірі арқылы республика бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін бірыңғай байланыс орталығы бар. Емхананың жолдамасымен сіз кез келген клиникадан кеңес ала аласыз. Мәселен, сіздің жолдамаңыз бар, бірақ сіз басқа гастроэнтерологқа қаралуды қаласаңыз, бұл сіздің құқығыңыз. Сондықтан учаскелік дәрігер сізге қажетті маманға жолдама жазуы керек», - деді МО міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшысының орынбасары Жанетта Керімбаева.
Ал, Ақтау қалалық №1 емхана күніне 90 адамды рентгенге түсіреді. Қалалық №1емхана бас дәрігерінің орынбасары Күнсұлу Сүйесінованың мәліметінше, науқас ең алдымен дәрігердің қабылдауына жазылуы тиіс. Науқаста пневмонияның белгілері байқалмаса, қарқынды емдеу курсы белгіленіп, үйден ем алуға жіберіледі. Ал, өкпенің зақымдалғаны туралы күдік болғанда ғана рентген немесе КТ түсіруге жолдама беріледі.
«Ақтау қалалық емханасы 65 мың адамға қызмет көрсетеді. Науқастар үйге де дәрігер шақырта алады. Егер ол емханаға дене қызуымен келген болса, онда ол фильтр кабинетінен өтуі керек. Дәрігер науқасты сол жерде қарап, диагноз қойып, емдеуді тағайындайды. Егер пневмонияға күдік болса, дәрігер рентгендік тексеруге жолдама береді. Дәрігердің нұсқауынсыз, рентген немесе КТ-ны талап ету дұрыс емес. Себебі асығыстық тексерулер денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін. Емхана таңертеңгі 08.00-ден кешкі 20.00-ге қызмет көрсетеді», - деді Ақтау қалалық №1 емхана директорының орынбасары онлайн-брифингте.