Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі таңда, "Ақтау қалалық құрылыс бөлімі" ММ-сі тапсырысымен "Ақтау қаласындағы 29 шағын ауданынан "Байтерек" сауда орталығына дейінгі жылу желілерін қайта құрылымдау және 16, 17, 19 шағын аудандарының қиылысына дейін "жаңа жылу желісінің құрылысын салу" нысаны бойынша құрылыс жұмыстары жүруде. Жобаға сәйкес, жылу құбыры 28 ш/а және 29 ш/а аралығындағы автокөлік жолын кесіп өтеді. Осыған орай, 17.07.2020 ж. - 19.07.2020 ж. аралығында 27 ш/а - 28 ш/а арасындағы №21 жол уақытша жабылатындығын хабарлаймыз, делінген хабарламада.