Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті, табиғи монополия субъектілерімен бірлесіп тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық аясындағы мәселелері бойынша тұтынушыларды қабылдауды онлайн түрде тікелей эфирде Департартамент басшысының әлеуметтік facebook желісіндегі парақшасында https://www.facebook.com/profile.php?id=100051930454400 өткізеді.
Осыған орай Департамент Маңғыстау облысының тұрғындарын коммуналдық мәселеге қатысты сұрақтары бойынша өткізілетін тікелей эфирге шақырады. Сонымен қатар, әрбір тұрғын өзін қызықтырған сұрақтарын пікір ретінде қалдырып, тікелей эфирде жауаптарын ала алады, делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Әрбір тұрғын тұтынушы ретіндегі өздерінің құқықтары туралы кеңінен ақпарат ала алады.
Қабылдау онлайн түрде 2020 жылғы 7 шілде күні сағат 15:00-16:00-де өткізіледі.
Байланыс телефоны: 8(7292) 43-84-11