Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам тіркелді, деп хабарлайды МО ҚКО.
Бірінші науқас - 57 жастағы Ақтау қаласының тұрғыны. Вирус скрининг кезінде анықталды.
Екінші науқас - 23 жастағы Ақтау қаласының тұрғыны. Вирус скрининг кезінде анықталды.
Үшінші науқас - 47 жастағы Жаңаөзен қаласының тұрғыны. Вирус дәрігерге қаралған кезде анықталды.
Төртінші науқас - 65 жастағы Ақтау қаласының тұрғыны. КВИ індетін жұқтырған адамдармен байланыста болған.
Бесінші науқас - 28 жастағы Ақтау қаласының тұрғыны. Вирус скрининг кезінде анықталды.
Қазіргі таңда бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
19.06.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 409 адамнан COVID-19 вирусы анықталды:
Ақтауда – 116;
Жаңаөзенде – 38;
Маңғыстау ауданында – 16;
Мұнайлы ауданында – 27;
Қарақия ауданы – 47;
Бейнеу ауданында - 155;
Түпқараған ауданында - 10;
Жазылып шыққаны – 280;
Қайтыс болған – 2.