Тойханалардың 22 маусымнан бастап жұмыс істеуіне рұқсат беру нақты шешім емес, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
МО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Жансая Бердімұратқызының айтуынша, 3 маусым күні облыс әкімдігіне тойхана иелері мен қызметкерлері, той ұйымдастырушы ұйымдар және жекелеген азаматтардың тойхана жұмысына рұқсат беру туралы өтінішіне сәйкес, мәселе қарастырылып жатыр. Алайда, бұл нақты шешім емес.
Көпшілік жиындарды өткізуге ресми рұқсат берілген жоқ. Карантиннің қай уақытқа дейін ұзаратыны белгісіз, өңірдің эпидемиологиялық жағдайына қарай өзгереді. 1 шілдеден бастап елімізде көпшілік жиындар өткізуге рұқсат берілгенмен, Маңғыстаудағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты облыстың санитарлық дәрігері шешім қабылдайды, - деді Жансая Бердімұратқызы.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ