Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 3 адам тіркелді. COVID-19 жұқтырған 3 адамның барлығы да - ересек, Бейнеу ауданының тұрғындары, деп хабарлайды МО ҚКО.
Бірінші науқас - 1972 жылғы әйел адам.
Екінші науқас - 1965 жылғы ер адам.
Үшінші науқас - 1991 жылғы ер адам.
Науқастар бұрын КВИ індетін жұқтырған адамдармен байланыста болғандықтан, бірден жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Қазіргі таңда бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
09.06.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 331 адамнан COVID-19 вирусы анықталды.
Ақтауда – 80
Жаңаөзенде – 31
Маңғыстау ауданында – 15
Мұнайлы ауданында – 19
Қарақия ауданы – 47
Бейнеу ауданында - 132
Түпқараған ауданында – 7
Жазылып шыққаны – 182
Қайтыс болған – 1