1 маусымда халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Біз бақытты баламыз» атты қайырымдылық шарасы өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мереке күні мүмкіндігі шектеулі ерекше қамтылған 15 балаға арнайы кеш ұйымдастырылып, мерекелік дастархан жайылды. «Қолдау-Қазақстан» холдингі ұйымдастырған шара Ақтау қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен өтіп, оған жергілікті кәсіпкерлер де атсалысқан.
Бұл шараны өткізудегі басты мақсат «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын-сауықта ән айтқызып, би билетіп балалардың белсенділіктерін арттырғымыз келді. Сондай-ақ, бұл шара өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеудің бір сатысы, - дейді ұйымдастырушы Кенжегүл Тайғара.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ