Маңғыстау облысына инвестиция құю мен баспана құрылысы жайлы алғашқы хабарламадан соң @FINANCEkaz назарын тағы да батысқа аударды. Маңғыстау - еліміздегі негізгі банктік аймақтардың бірі саналады. Сәуірдегі жағдай бойынша 700 млрд теңге депозитке салынған. Ал оның алдындағы айдағы көрсеткіш 659 млрд теңгені құрайды.
Осыған қарап шалғай өңірді депозит тарту деңгейі бойынша Қазақстанның екі бас қаласынан кейінгі орынға жатқызуға болады. Дағдарыс кезінде осы салымдарға қор жинау әсіресе банктер үшін аса маңызды.
Бұдан бөлек бұл облыс несие беру жағынан да көш басында тұр. Шағын және орта бизнес саласына салынған салымдар деңгейі еліміз бойынша орта көрсеткіштен сәл жоғары. Өсу серпіні де жақсы. Бір жылда шағын кәсіпкерлікке несие бөлу деңгейі өсті. Қазіргі көрсеткіш айына орта есеппен 42 млрд теңгені көрсетіп отыр.
Өкінішке қарай, ауылшаруалығы саласын несиелендіруде кемшілік бар. Бұл өңірдің қатал климатына байланысты. Дегенмен бұл бағытта да өсу серпіні жақсы деп бағалануда.
Жетекші құрылыс саласының жеткен жетістігі – бүгінде аймақ ипотекалық несие алу бойынша аймақ алғашқы бестікке кіреді. Осы жылдың ішінде облыстың ипотекалық өсімі 3 миллиард теңгеге жуықтады. Елдің басқа әкімдіктері де құрылыс көбейген сайын, халық оны сатып алады дегенге баса назар аударуы керек.
- Біз экономика саласын несиелеу бойынша алға қойған мақсаттарымызға жету үшін банк секторымен белсенді түрде жұмыс істейміз» - деді Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов.
Шындығында, бұл бір таңқаларлық жайт сияқты, алайда таңқалатын ештеңе де жоқ. Экономиканы кредиттеу көлемін ұлғайту бойынша күрделі жұмыс жемісін беріп жатыр. Тұрғын үй құрылысы ипотека портфелін ұлғайтса, ірі кәсіпорындардың болуы депозиттік портфельді ұлғайтады.