Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін, 2 маусым күні "МАЭК-Қазатомпром" ЖШС-нің қосалқы бөлімшесінің қызметкерінен коронавирус анықталды. Ол 1 маусымнан бастап бала күтіміне байланысты жұмысқа уақытша жарамсыз саналған. Қызметке соңғы рет 29 мамырда шыққан.
Кәсіпорында басқа жұмысшылардың коронавирус жұқтыруы туралы ақпарат жоқ. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің нұсқауына сәйкес науқаспен байланыста болғандар үй карантиніне жатқызылды. Олардан Covid-19 инфекциясына байланысты тест жасалады. Тест қорытындысына орай аталған тұлғаларды оқшаулауға қатысты шешім қабылданады.
Мекеме штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Тиісті эпидемиологиялық іс-шаралар орындалып жатыр.