Бүгін Ақтау-Форт-Шевченко тас жолында орналасқан №5 блок-бекетінде карантин кезінде ерекше көзге түскен полиция қызметкерлері марапатталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz МО полиция департаментіне сілтеме жасап.
Инфекциямен күресте алдыңғы қатарда болған полиция қызметкерлеріне құрмет грамоталарын Маңғыстау облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаевтың өзі табыстады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен Маңғыстау облысы ПД Күзет қызметін бақылау бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Серік Молбаев, Маңғыстау облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы 1-взводының аға инспекторы полиция капитаны Сәбит Халбаев, Маңғыстау облысы ПД Тылмен қамтамасыз ету басқармасы ғимарат күзету взводының командирі полиция старшинасы Мерей Бименов, Маңғыстау облысы ПД Тылмен қамтамасыз ету басқармасы қару-жарақ қоймасының меңгерушісі полиция сержанты Сәкен Апақаев, Жаңаөзен қаласы ПБ Кадр саясаты бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Марғұлан Джайлыбаев мақтау қағаздарымен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің алғыс хаттарымен Маңғыстау облысы ПД Жедел криминалистика басқармасының криминалисті полиция майоры Бекжан Тұрғанбеков, Маңғыстау облысы ПД Ақпарат және байланыс басқармасының инженері полиция кіші лейтенанты Жасұлан Нұрберген, Маңғыстау облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы Айдауыл қызметі ротасының полицейі полиция аға сержанты Барат Мырзаш, Маңғыстау облысы ПД Кинологиялық қызмет орталығының кіші инспектор-кинологы полиция сержанты Ержан Қызылғұл, Маңғыстау облысы ПД Кинологиялық қызмет орталығының кіші инспектор-кинологы полиция сержанты Ержан Бекболов марапатталды.
МО полиция департаменті бастығының грамотасымен Жаңаөзен қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы полиция кіші лейтенанты Ақылбек Қаниев, Қарақия ауданы ПБ Жергілікті полиция қызметін бөлімшесінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Асқар Оразбеков, сонымен қатар алғыс хатпен Жаңаөзен қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының полицейі полиция аға сержанты Әбіш Тайманов, Қарақия ауданы ПБ кезекші бөлімі кезекшісінің көмекшісі полиция аға сержанты Ақылбек Нұрмағамбетов сынды қызметкерлер марапатталды.
Сізге адал қызмет еткеніңіз үшін және карантин режимі кезінде Маңғыстауда заңдылық пен қауіпсіздікке қосқан үлесіңіз үшін рахмет. Сіз жағдайды қадағалап, заң бұзушылықтардың алдын алу үшін кез-келген төтенше жағдайларға уақытылы жауапкершілікпен қарадыңыз. Сіздің біліміңіз, тәжірибеңіз, кәсіби міндеттеріңізге жауапкершілікпен қарау біздің аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға ықпал етсін, - деді Жанарбек Бақтыбаев.