Бірінші науқас - 1984 жылы туған ер адам, Ақтау қаласының тұрғыны. Науқастың қызуы көтерілгендіктен, ол жедел жәрдем шақыртты. Кейін обсервациялық стационарға жатқызылып, одан сынама алынды. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Екінші науқас - 1965 жылы туған ер адам, Мұнайлы ауданы Дәулет ауылының тұрғыны. Науқасты қатты жөтел мазалағандықтан, ол дәрігерге қаралды. Одан сынама алынып, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы COVID-19 диагнозын нақтылады.
Қазіргі таңда науқастың екеуі де облыстық инфекциялық ауруханасында жатыр. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
24.05.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 166 адамнан COVID-19 вирусы анықталды.
Ақтауда – 35;
Жаңаөзенде – 25;
Маңғыстау ауданында – 7;
Мұнайлы ауданында – 5;
Қарақия ауданы – 30;
Бейнеу ауданы – 64;
Жазылып шыққаны – 96;
Қайтыс болған – 1.