Құрметті жерлестер!
Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл - күллі мұсылман үмбеті отыз күн оразадан кейін тағатсыздана күтетін тағы бір маңызды мейрам. Адамзат баласын қайырымдылыққа, татулық пен бірлікке, тұрақтылық пен тыныштыққа шақырып, ізгі амалдарды ұйыстырған ұлық мереке! Биылғы қасиетті рамазан айы жаһанды жайлаған дертпен тұспа-тұс келді. Індеттің кең таралмауына қарсы қабылданған шектеулер мен ортақ ережеге сабырлық танытып, түсіністікпен қараған ағайынға алғысымды айтамын.
Алайда, қауіптен құтылдық деуге әлі ерте. Сондықтан, алдағы үш күн айтта сабыр сақтап, әркім өз үйінде болуға шақырамын! Әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін!
Ұстаған оразаларыңыз бен жасаған құлшылықтарыңыз қабыл болсын!
Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов