Маңғыстау облысында COVID-19 жұқтырған тағы 3 адам тіркелді. Олардың барлығы да «ТенізШевройл» мекемесінің қызметкерлері. Вахтадан келген бойда олар бірден Ақтаудағы обсервациялық стационарға жатқызылды. Алынған сынама ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды, делінген МО ҚКО таратқан ақпаратта.
Олар осыған дейін тіркелген науқастармен байланыста болған.
Бірінші науқас – 1981 жылғы ер адам;
Екінші науқас – 1970 жылғы ер адам.;
Үшінші науқас – 1995 жылғы ер адам.
Қазір барлығы да дәрігерлердің бақылауында.
15.05.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 141 адамнан COVID-19 вирусы анықталды:
Ақтауда – 32;
Жаңаөзенде – 23;
Маңғыстау ауданында – 7;
Мұнайлы ауданында – 4;
Қарақия ауданы – 30;
Бейнеу ауданы – 45;
Жазылып шыққаны – 31;
Қайтыс болған – 1.