Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған тағы 8 адам анықталды. Олардың барлығы Бейнеу ауданының тұрғындары, деп хабарлады МО ҚКО.
Бірінші науқас - 1981 жылғы әйел адам;
Екінші науқас - 1986 жылғы әйел адам;
Үшінші науқас - 1989 жылғы ер адам;
Төртінші науқас - 1996 жылғы әйел адам;
Бесінші науқас - 1961 жылғы әйел адам;
Алтыншы науқас - 1996 жылғы ер адам.
Бұл 6 науқас коронавирустық инфекция жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, олардан зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Ал енді қалған 2 науқас скрининг кезінде анықталды. Науқастардан сынама алынып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Олар:
Жетінші науқас - 1978 жылғы ер адам;
Сегізінші науқас - 2002 жылғы қыз бала.
Қазіргі уақытта барлық науқас Бейнеу аудандық ауруханасына жатқызылды. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.
13.05.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 138 адамнан COVID-19 вирусы анықталды:
Ақтауда – 29;
Жаңаөзенде – 23;
Маңғыстау ауданында – 7;
Мұнайлы ауданында – 4;
Қарақия ауданы – 30;
Бейнеу ауданы – 45;
Жазылып шыққаны – 30;
Қайтыс болғаны – 1.