Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
2017 жылы «Ата жолы» автомобиль жолын реконструкциялау жұмыстары басталған болатын. Жоба екі кезеңмен жүрді. Алғашқы бөлігінде 5 млрд 460 млн теңгеге 51 шақырым жол жөнделсе, екінші кезеңінде 4 млрд 554 млн теңгеге 46 шақырым жолға реконструкция жасалып, асфальт төселді.
Бекет ата мешіті мен оған апаратын жолда Шопан ата мешіттерінің аумағы абаттандырылып, көне жәдігерлер қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. 12 шақырым қашықта жер астынан шығатын табиғи суға құбыр тартып, мешітке әкелінді.
Облыс әкімінің тапсырмасымен Бекет ата мешітіне газ желісін тарту мәселесі қолға алынды. Демеушілердің көмегімен алдағы уақытта бұл жоба да іске асады деп жоспарланып отыр.
Өзіміздің әріптестерімізбен, ел ағаларымен, Өзен Мұнай Газ компаниясымен бірге атаның басында тағы қандай жұмыстарды ұйымдастыратынымызды ақылдастық. Қазіргі кезде мәселе болып тұрған атаның басына газ әкелу. Содан соң келген суды тұщытып, халықтың игілігіне жарату. Оны да ақылдастық. Демеушілердің көмегімен алдағы уақытта ұйымдастырамыз деп жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, Шопан атаның басына да су тарту, көгалдандыруды жоспарлап отырмыз, - деді облыс әкімі Серікбай Трұмов.
Айта кетейік, биыл Бекет атаның туғанына 270 жыл толып отыр.