Олардың үшеуі де Ақтау қаласының тұрғындары. Алғашқы науқас кеше кешкісін үйіне жіберілген болатын. Ол 1996 жылы туған. Ал бүгін екі науқас үйлеріне жіберілді. Бірі Өмірзақ ауылында тұрса, екіншісі Ақтауда тұрады, делінген МО ҚКО таратқан ақпаратта.
Олар Маңғыстау облыстық инфекциялық бөлімшесінде ем алған, қайта алынған сынамалар нәтижесі теріс екендігін көрсетті. Айта кету керек, барлық тиісті ем-дом шаралары алгоритмге сәйкес ұйымдастырылған болатын.
Айта кетейік, бүгін Жаңаөзен қаласы провизорлық стационарда 8 науқастың емделіп шыққандығы туралы хабарлаған болатынбыз.
Осылайша қазірге дейін облыста барлығы 30 адам коронавирустан емделіп шықты.