Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған тағы 4 адам анықталды. Екеуі Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылының, біреуі Бейнеу ауданының және тағы біреуі Жаңаөзен қаласының тұрғыны.
Бірінші науқас - 1973 жылы туған әйел адам. Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылының тұрғыны.
Екінші науқас - 1 жасар бала. Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылының тұрғыны.
Үшінші науқас - 2014 жылғы бала. Бейнеу ауданының тұрғыны.
Төртінші науқас - 1982 жылы туған әйел адам. Жаңаөзен қаласының тұрғыны.
Бұл науқастар осыған дейін тіркелген адамдармен байланыста болған. Сол себепті, олар карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі уақытта науқастар ауруханаға жатқызылды. Олармен байланыста болған барлық тұлға карантинге алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.
08.05.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 109 адамнан COVID-19 вирусы анықталды:
Ақтауда – 28;
Жаңаөзенде – 20;
Маңғыстау ауданында – 7;
Мұнайлы ауданында – 4;
Қарақия ауданы – 29;
Бейнеу ауданы – 21;
Жазылып шыққаны – 11;
Қайтыс болған – 1.