Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған тағы 1 адам анықталды. Науқас 1966 жылғы әйел адам. Жанаөзен қаласының тұрғыны. Ол коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды, делінген МО ҚКО таратқан ақпаратта.
Қазіргі уақытта науқас Жаңаөзен қаласының инфекциялық ауруханасына жатқызылды. Науқаспен байланыста болған барлық тұлға карантинге алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.
06.05.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 96 адамнан COVID-19 вирусы анықталды:
Ақтауда – 28;
Жаңаөзенде – 19;
Маңғыстау ауданында – 4;
Мұнайлы ауданында – 4;
Қарақия ауданы – 29;
Бейнеу ауданы – 12;
Жазылып шыққаны – 11;
Қайтыс болған – 1.