Құрметті Отан қорғаушылар! Ардақты ағайын!
Баршаңызды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке – еліміздің қауіпсіздігін, Отанымыздың тыныштығын қорғап жүрген айбынды азаматтарымызды құрметтеп, ұландарымызды ұлықтайтын күн.
«Ер – елінің қорғаны» деген. Отанға қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыз, тыныштығымыз бен бейбіт өміріміздің кепілі - қуатты әскеріміз бен ұлттық Ұланымыздың абыройы асқақтай берсін! Қай кезде де тәуелсіздік тұғырын биік ұстау, еліміздің жан-жақты өркендеуі жолында табанды қызмет ету - басты парыз. Шекара шебін қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған айбынды азаматтарымыздың рухы биік, мәртебесі арта берсін! Ел іргесі бүтін, жұртымыз тыныш болсын!
Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов