Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясы тағы 5 адамнан анықталды. Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығының хабарлауынша, оның үшеуі Жаңаөзен қаласының, екеуі Сенек ауылының тұрғындары.
1-ші науқас 12 жасар қыз, Жаңаөзен қаласының тұрғыны;
2-ші науқас 1984 жылы туған әйел адам, Жаңаөзен қаласының тұрғыны;
3-ші науқас 1997 жылы туған әйел адам, Жаңаөзен қаласының тұрғыны;
4-ші науқас 2 жасар қыз, Қарақия ауданы Сенек ауылының тұрғыны;
5-ші науқас 2010 жылы туған ер адам, Қарақия ауданы Сенек ауылының тұрғыны;
Бесеуі де осыған дейін тіркелген науқастармен байланыста болғандықтан, сынама алынған болатын. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазір Жаңаөзен қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
02.05.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 62 адамнан COVID-19 вирусы анықталды:
Ақтауда – 20;
Жаңаөзенде – 14;
Маңғыстау ауданында – 4;
Мұнайлы ауданында – 3;
Қарақия ауданы – 20;
Бейнеу ауданы - 1;
Жазылып шыққаны – 9;
Қайтыс болған – 1.