Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған 1 адам анықталды. Науқас 63 жаста, Жаңаөзен қаласының тұрғыны. Ол коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі уақытта науқас Жаңаөзен қаласының инфекциялық ауруханасына жатқызылды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.
29.04.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 45 адамнан COVID-19 вирусы анықталды:
Ақтауда – 18;
Жаңаөзенде – 6;
Маңғыстау ауданында – 4;
Мұнайлы ауданында – 3;
Қарақия ауданы – 14;
Жазылып шыққаны – 8;
Қайтыс болған – 1.