27 сәуір күні «Теңізшевройл» мекемесінде жұмыс істейтін 200 маңғыстаулық «Құлсары-Маңғыстау» пойызымен өңірге келді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты МО ақпараттық қызметіне сілтеме жасап.
29 сәуір күні тағы 200 облыс тұрғыны аймаққа жеткізілмек. Ал, 1 мамыр күні 160 адам келеді деп жоспарланып отыр. Барлығы обсервациялық стационарға жатқызылып, COVID-19 вирусын анықтайтын ПТР сынамасы алынады.