Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған жаңа бір жағдай тіркелді. Ол 2019 жылы туған Ақтау қаласының тұрғыны. Осыған дейін вирусты жұқтырған науқастың ұлы. Қауіпті дерт анықталған адаммен қарым-қатынаста болғандықтан карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған болатын. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды, делінген МО қоғамдық коммуникация орталығы таратқан ақпаратта.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
28.04.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 32 адамнан COVID-19 вирусы анықталды:
Ақтауда – 18;
Жаңаөзенде – 4;
Маңғыстау ауданында – 4;
Мұнайлы ауданында – 3;
Қарақия ауданы – 3;
Жазылып шыққаны – 7;
Қайтыс болғаны – 1.