Олар Жаңаөзен қаласының 17 жастағы және Қарақия ауданы, Сенек ауылының 19 жастағы тұрғындары. Олар 27-сәуір күні тіркелген ағайынды науқастардың туыстары. Екеуі де коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазір екеуі де Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде жатыр.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.
29.04.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 34 адамнан COVID-19 вирусы анықталды.
Ақтауда – 18
Жаңаөзенде – 5
Маңғыстау ауданында – 4
Мұнайлы ауданында – 3
Қарақия ауданы – 4
Жазылып шыққаны – 7
Қайтыс болған – 1