Бұл туралы Маңғыстау облыстық мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
Науқас 2002 жылғы тұрғын. Күні кеше Жаңаөзенде тіркелген 62 жастағы науқастың келіні болып шықты. Зейнеткермен байланыста болған отбасындағы мүшелері мен жақын туыстарынан сынама алынған болатын. Нәтижесінде бүгін ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі уақытта науқас Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінің инфекциялық стационарына жеке боксқа жатқызылды, делінген хабарламада.
Науқаспен байланыста болған адамдар анықталып, тексеріліп жатыр. Ал, жолдасынан алынған сынама нәтижесі теріс болып шықты, яғни КВИ анықталған жоқ. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
16.04.2020 ж. жағдай бойынша осы күнге дейін облысымызда 12-адамнан COVID-19 вирусы анықталды: Ақтауда -5, Жаңаөзенде – 4, Маңғыстау ауданында – 3, cауыққаны -1.