Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
Науқас 62 жастағы Жаңаөзен қаласының тұрғыны, зейнеткер. Бүгін ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі уақытта науқас Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінің инфекциялық стационарына жеке боксқа жатқызылды. Науқаспен 12 адамның жақын байланыста болғаны анықталды. Оның 2-і үйіндегі адамдар, 10-ы туыс ағайындары, делінген хабарламада.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
15.04.2020 ж. жағдай бойынша облыста 11 адамнан COVID-19 вирусы анықталды: Ақтауда -5, Жаңаөзенде – 3, Маңғыстау ауданында – 3, оның ішінде сауыққаны -1 адам.