Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облыстық ақпараттық орталығына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Маңғыстау облысында 14 сәуірдегі сағат 12.00-дегі жағдай бойынша төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 78 675 адамға 42500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем тағайындалды.