Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Облыс аумағында 17 блок-пост құрылады. Блок-посттарда көліктерді тексеруге арнайы полиция департаменті, Ұлттық ұлан қызметкерлері, әскерилер мен санитарлық дәрігерлер жұмылдырылмақ.
«Нақты белгіленген себеп болмаса көлік блок-бекеттен шығарылмайды. Егер өздігінен жүре алатын емделуге келе жатқан науқас болса, аурухананың берген нұсқаулығын көрсетіп қана өте алады. Ал, өзі жүре алмаса, қасына көмектесетін бір адамды алып жүруіне болады», деді МО полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Амангелді Халмұрадов.