Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
"Маңғыстау облысында карантин жариялануына байланысты, қалаішілік қоғамдық көліктердің арақашықтығы (интервал) 03.04.2020 жылдан бастап ұзартылатынын хабарлаймыз. Барлығы бұрынғыдай, таңғы сағат 06:30-дан бастап 20:00-ге дейін тұрақты түрде жүретін болады", делінген ақпаратта.
Интервал уақыты: #3 қоғамдық көлігі - 12 минут, #2 қоғамдық көлігі - 16 минут, #5 қоғамдық көлігі - 20 минут, #1 қоғамдық көлігі - 20 минут арақашықтықта жүретін болады.
Сондай-ақ, əлеуметтік осал топтарға қоғамдық көлікте тегін жүру карточкаларын беру жұмыстары уақытша тоқтатылады.