Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты хабарлайды.
Елдегі төтенше жағдай режиміне байланысты қауіпті індеттің алдын алудағы сақтық шараларының бірі ретінде бүгін Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе кентінің Жетібай беттен кіреберісіне мобильдік бақылау-өткізу бекеті қойылды. Алайда, бұл жолдың жабылғанын білдірмейді. Полиция қызметкерлері мен дәрігерлер , ТКҚСҚБ басқарма мамандары, еріктілер тобы Шетпеге кіретін әрбір көлікті тоқтатып, жолаушылардың жағдайымен танысып,түсінік жұмыстарын жүргізеді. Қажет болған жағдайда дене қызуын өлшеп, денсаулығын тексереді. Бекеттерде полиция, дәрігерлер, жедел жәрдем, төтенше жағдай қызметкерлері тәулік бойы қызмет етеді, делінген ақпаратта.