Әлеуметтік желі беттерінде Ыбықты сай таулы өткеліндегі вандалдың іс-әрекеті қызу талқыға түскен еді. Кінәлі өз қатесін мойындап, видео үндеу жариялады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Осыған дейін жартасқа қашап жазу жазған Ақтөбедегі зағиптар мәдениет үйінің директоры деген болжам пайда болып, Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі күдікті растаған еді.
- 24 тамыз Маңғыстау облысы, Ыбықты Сай жеріндегі оқиғаға байланысты видео үндеу жолдаймын. Ыбықты сай – Маңғыстаудағы көркем жерлердің бірі. Өкініштісі – қараусыз қалған, жолы нашар, жан-жағы қоқысқа толы. Сол әдемі табиғатқа, жартастарға әдепсіз сөздер жазлған. Сондай бір лас сөзді әдемі есімге айналдырмақ ойым болды. Аңдаусызда жаза бастым, ағайын. Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ. Аса қатты сөкпеңіздерші. Тарихи жәдігерге қыл да болса қиянат ету ойымда болмады. Маңғыстау жұртының алдында, Отандастарымның алдында бас иіп кешірім сұраймын!,- деді видео авторы Манас Көшербаев.