Жаңа Салық кодексінде цифрландыру және салықтық әкімшілендіру – ҚҚС, Камералдық бақылау, ҚҚС қайтару, тәуекелдерді бағалау, Деңгейлес мониторинг тақырыбында конференция өтеді.
Жаңа Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығы (бұдан әрі – ЖҚСҚ) 2023 жылғы 8 қыркүйекте Ақтау қаласында жаңа Салық кодексінде цифрландыру және салықтық әкімшілендіру – ҚҚС, Камералдық бақылау, ҚҚС қайтару, тәуекелдерді бағалау, Деңгейлес мониторинг тақырыбында конференция өтетінін хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп жаңа Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығы іс-шараның ұйымдастырушысы болып табылады.
Конференция жұмысына 8 қыркүйекте Жоғарғы Сот мүшелері, Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылары, өңірлік Мемлекеттік кірістер департаменттерінің өкілдері, облыстық соттардың судьялары, басқа да мемлекеттік органдар мен салық төлеушілер қатысады.
Модератор – ЖҚСҚ Басқарушы кеңесінің төрағасы, Ертлесова Жаннат Джургалиевна.
Конференция бизнес-климатты жақсарту үшін күш-жігерді шоғырландыруға мүмкіндік беретін қосымша ақпараттың маңызды көзі болады. Сонымен қатар, бұл ең өткір мәселелермен бөлісуге, оларды шешу жолдарын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Конференция спикерлері 2023 жылғы 8 қыркүйек:
Тәкиев Мәди Төкешұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы
Біржанов Ержан Ерікұлы, ҚР Қаржы вице-министрі
Әлмағамбетова Гүлжан Жақсылыққызы, ҚР Жоғарғы Сотының судьясы
Нұржанов Жәнібек Мәулітбекұлы, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары
Тян Арман Александрович, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Әкімшілендіру департаментінің директоры
Ертлесова Жаннат Джургалиевна, жаңа Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы Басқарушы кеңесінің төрағасы
Күні: 2023 жылғы 8 қыркүйек
Уақыты: 09:00 - 17:00
Өтетін орны: Ақтау қаласы
Тікелей трансляция www.annk.kz сайтта, сондай-ақ ҚР ҚМ МКК @press_kyzmet_kgd инстаграм-арнасында қол жетімді болады.
ЖҚСҚ мүшелері шақырылады.
Басқа салық төлеушілер – шақыру бойынша.
Қатысушыларды тіркеуге сілтеме: https://annk.kz/event/73
8 727 325 35 45 телефоны бойынша БАҚ аккредиттеу, annk@annk.kz