ҚР оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Қаныбек Бекболатұлы Жұмашев Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қаныбек Жұмашев 1970 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген.
Еңбек жолында орта кәсіптік-техникалық училищеде, колледжде білім беріп, Маңғыстау облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатын басқарды. Маңғыстау облысы әкімдігінде түрлі қызметтер атқарып, білім саласының мәселелеріне жетекшілік етті.
2019-2020 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Содан кейін ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет етті.
2022 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Атырау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы болды.