Маңғыстау ауданында 10 желтоқсан күні өткен сайлау қорытындысы бойынша Қызан ауылының әкімі лауазымына Ғабит Балғабаев сайланды.
Қызан ауылының тумасы Ғабит Балғабаев 1995 жылы 25 қазанда дүниеге келген. 2014-2018 жылдары Алматы қаласындағы "Нархоз" университетінде "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2019 жылы Маңғыстау аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінде инспектор қызметінен бастап, 2019-2021 жылдары Қызан ауылы әкімінің аппаратында бас маман, Маңғыстау аудандық жер қатынастары бөлімінде бас маман, 2021-2022 жылдары Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтері ісі басқармасында бас маман, 2022 жылдың мамыр айынан осы кезге дейін Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасының бас маман, бөлім басшысы қызметтерін атқарды.
Сайлаудан кейін аудан әкімінің орынбасары Т.Қылаңов қызметке кіріскен ауыл әкімін Қызан тұрғындарына таныстырды. Сонымен қатар, алда атқарылар жұмыстарды тапсырды. Сондай-ақ, жаңа әкімге Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары А.Қойсарин қызметтік куәлік табыс етті.