©
Мұрат Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақорда сайтына сілтеме жасап. "Мемлекет басшысының Өкімімен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада. Бұдан бұрын Мұрат Баймұқашев премьер-министр Кеңсесінің қорғаныс және құқық тәртібі бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.