20 қыркүйекте Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Иран Ислам Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Хабиболла Малакути Фармен кездесті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Басқосуда Маңғыстау облысы Иран Ислам Республикасымен, оның ішінде Мазандаран, Гулистан провинцияларымен тығыз қарым-қатынаста екендігі атап өтілді. Мәселен, өңірдің Иран Ислам Республикасымен сыртқы сауда айналымы 2021 жылғы қаңтар-шілде аралығында 29,2 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11%-ға өскенін көрсетеді.
Маңғыстау облысының Иранға экспорты 2021 жылғы қаңтар-шілдеде аралығында 2,1 млн АҚШ долларын құрады.
Маңғыстау облысының аумағында Иран капиталының қатысуымен экономиканың түрлі салаларында 30 кәсіпорын тіркелген.
Кездесу соңында тараптар экономиканың түрлі салаларында нақты жобаларды іске асыру үшін ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.