Кеше Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Түрікменстан Республикасының Ақтау қаласындағы консулы Мұхамметнұр Овезовты қабылдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Кездесуде тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, барлық бірлескен бастамалар мен іс-шараларды қолдауға дайын екенін мәлімдеді.
Маңғыстау облысында экономиканың түрлі салаларында, түрікмен капиталының қатысуымен 16 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. 2021 жылдың қаңтар-шілдесі аралығында Маңғыстау мен Түрікменстан Республикасының сыртқы сауда айналымы 14,5 млн АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 49,4 пайызға артқандығын көрсетеді.
Кездесу соңында тараптар екі жақты ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді.