«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысы бойынша «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған жол картасы 168 пункт, 148 іс-шара, 20 индикаторлар мен көрсеткіштерден тұрады. Соның ішінде биылға 112 шара жоспарланған, қазіргі уақытта бұл жоспардың 28-і орындалды, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.
1. Маңғыстау облысында жалпы ауданы 809,6 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді, нәтижесінде өсу қарқыны 100,2%-ды құрады.
"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 1 407 пәтер, оның ішінде 153-і көпбалалы отбасыларға (ауданы 8,4 мың шаршы метр) беріледі.
Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласын дамытудың Кешенді жоспары аясында Жаңаөзен тұрғындарына Ақтау қаласынан 135 пәтер беріледі.
2. Қазіргі уақытта 7,2 млрд теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба іске асырылды. Олар:
1. "АқтауАгро" ЖШС "Құс фабрикасы" жобасы;
2. "АқтауАгро" ЖШС" Комбижем зауыты " жобасы;
3. Тайбурыл ШҚ "Жоңышқа егу" жобасы;
4. "Хамзин" ЖК "Жасыл Желек өсіру" жобасы;
5. "ПолимерПласт" ЖШС сүт зауыты;
6. "Ақжол" ШҚ "Бордақылау алаңы" жобасы.
3. Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саласында 2021 жылғы қаңтар-тамыз айларында "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік" бағдарламасын іске асырудың арқасында 24 919 жұмыс орны құрылды (2020 жылғы қаңтар-тамызда – 19 228 жұмыс орны).
Тұрақты жұмыс орындарымен – 18 697 адам, маусымдық жұмыспен-6 168 адам қамтылды.
4. Бүгінгі күні өңірде 17 балабақша пайдалануға берілді (Ақтау қаласында - 5, Жаңаөзен қаласында – 1, Бейнеу ауданында – 2, Мұнайлы ауданында – 6, Түпқараған ауданында – 3).
5. 1 қыркүйекте 1 500 орындық 2 мектеп: Ақтау қаласында 34 шағынаудандағы 1200 орындық және Шығыс-1-дегі 300 орындық мектеп пайдалануға берілді. Сондай-ақ, 1 160 орындық 5 жекеменшік мектеп ашылды.
6. 2021 жылы Жаңаөзен қаласында "Нейрон-өзен" БМСК, Жетібай ауылында "Әбілхайырхан" және "Есенқосов" БМСК орталықтары ашылды.
"Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында Жаңаөзен қаласының Қызылсай ауылында бір ауысымда 20 адам қабылдайтын амбулаторияның құрылысы аяқталды.
7. Бүгінгі таңда Ақшұқыр ауылындағы 1 спорт кешені пайдалануға берілді. Мұнайлы ауданы Атамекен ауылында 1 спорт залы, Қарақия ауданының Жетібай ауылында 1 спорт залы, Ақтау қаласында 10 спорт алаңы пайдалануға берілді. Осылайша, іске қосылған нысандар есебінен спортпен шұғылданушылар саны артты. Сайлауалды бағдарламаның Жол картасын жүзеге асыруға жауапты 21 басқарма мен 7 аудан қала әкімдіктері бекітіліп, орындалысын бақылауға барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары тартылды.
Аймақтық және аумақтық филиалдар тарапынан партиялық бақылау жасау мақсатында 70 кеңес құрылып, әр сала бойынша білікті мамандар, депутаттық фракция мүшелері тартылды. Осы уақытқа дейін облыс бойынша 218 кеңес отырысы өткізілді.