Бұл туралы бүгін өңір педагогтарының тамыз конференциясында облыс әкімі Серікбай Трұмов айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Өткен оқу жылында Маңғыстау облысында 15 мектеп оқушылары үш ауысыммен оқыды. Осы мәселені шешу үшін жыл соңына дейін 9 мектеп ашылады. Оның ішінде, Ақтау қаласында 3 мектеп, Мұнайлы ауданында 1 мектеп, Бейнеу ауданы мен Ақтау қаласы аумағындағы 3 мектептің қосымша құрылыстары пайдалануға беріледі. Ақтау қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде тағы 3 мектептің құрылысы басталады. Өңірде адам санының артуына орай алдағы жылдары жаңа мектеп санын көбейту көзделіп отыр.
“Білім, құрылыс, экономика және бюджетті жоспарлау басқармалары мен қала, аудан әкімдіктері алдағы жылдарға жоспарланған 32 мектеп құрылысын салу мен өз мерзімінде және сапалы іске асырылуын қамтамасыз етуі қажет”, деді облыс әкімі С. Трұмов.